Главная » Файлы » Русский язык | Литература » Другое |
Түстерді ажырата білеміз?
· Скачать | 10.06.2014, 11:53 |
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Айтиев селосы Айтиев бастауыш мектебі Мұғалім:Танатарова Шолпан Каратаевна Сынып:1 Факультатив «Ғажайып математика» Тақырыбы:Түстерді ажырата білеміз? Мақсаты: Балаларға заттардың түстерін ажырата білуге және түстерді дұрыс атауға үйрету. 1. Білімділік: Түстерді ажырата білуге, геометриялық пішіндерді көлеміне, түсіне байланысты әр түрлі заттар құрастыруға, ұзын – қысқа ұғымдарды ойын арқылы бекіту. 2. Дамытушылық: Ойын арқылы ойлау, есте сақтау, бақылау қабілеттерін, талдау, қорытындылау дағды мен іскерліктерін жетілдіру, сөздік қорын байыту, тілін, зейінін дамыту. 3. Тәрбиелік: сүйіспеншілікке, бірін – бірі сыйлауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктер: хат, сайықмазақтын суреті, гүлдер, көбелектер, геометриялық пішіндер. Әдіс - тәсілі: Қуанышты сәт, әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сергіту сәті Пән аралық байланыс: дүниетану. Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбері: - Сәлем деймін күнге мен, - Сәлем деймін мен саған. - Сәлем деймін бақшаға, - Сәлем деймін ұстазыма, - Сәлем бердік баршаға! Балалар шеңберге тұрып мазмұнына қарай қимылдайды. Өткенді қайталау:заттарды салыстыру-биік-алас,үлкен-кіші,кең-тар. ІІ.Жаңа сабақ. Іздену - ұйымдастырушылық - Балалар қараңдаршы біздің поштаға хат келіпті, кімнен екен? - Хатты ашып оқиық па? «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің сендер мен ойнағым келеді. Сендердің топтарында жасырынып отырмын. Мені табу үшін тапсырмаларымды орындауларын керек. Мен көңілді, мейірімді, балаларды жақсы көремін» - Ол кім деп ойлайсыңдар? - Білмейміз. - Кім екенің нақты білу үшін мына хаттың ішінде бір неше бөлікке бөлінген сурет бар. Оны құрастырып көрейік. ( Балаларға кесілген суретті таратып одан бір бүтін сурет шығаруын сұрайды) Балалар суретті құрастыруға кіріседі. - Сендер таныдыңдар ма, ол кім? -Сайқымазақ! -Дұрыс,бізге сайқымазақ келгелі отыр.Өзіммен бірге түрлі суреттер алып келген екен. - Балалар, қараңдаршы бұл не? -Гүлдер. - Мына жерде тапсыр ма жатыр екен. 1. гүлдердің түсін атандар /қызыл,сары,көк,жасыл/ 2. бір – бір көбелектен алыңдар,оларды осы түстермен бояндар - Жарайсыңдар. Ал енді кім өзінін көбелегі жайлы айтқысы келеді? - Қандай ақылды балалар! - шаршаған сияқтымыз. Бойларымызды сергітіп алайық. Бойды сергек тік ұста, Емін – еркін тыныста, Деміңді ішке тез ал да, - сайқымазақ білімді,көңілді, мейрімді, балаларды жақсы көреді.Келесі тапсырма: 3.гүлдердің түсіне қарай көбелектерді қондырыңдар. /Балалар түстерді атап,көбелектерді гүлдін түсіне қарап көбелекті қондырады./ -Балалар,қызыл,сары,жасыл – жылы түстер.Ал көк,қара,сия көк,қызғылт сары-суық түстер. -Келесі тапсырма:геометриялық фигураларды,олардың түстерін атаңдар: - үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек/қызғылт сары,сия көк,қара/ Бойларын сергітіп алады: Оң қолыңды соз алға Қол ұшына қара да Үшбұрыш сыз ауа да. Сол қол босқа тұрмасын Шеңбер жасап тынбасын. Рефлексия: Сайқымазақ: Сендер маған өте ұнадыңдар. Тапсырманы дұрыс орындадыңдар,түстерді де ажырата білесіз.Бірақ маған басқа жаққа қонаққа баруым керек. Ал сендерге мен сыйлыққа өзіммен шар алып келдім.(балаларға шар сыйлайды.) - Келесі кездескенше сау болыңдар! - Сау болыңыз сайқымазақ! Бекіту: - Балалар сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?-Бүгінгі сабағымызда біз не істедік?Қандай түстер кездесті? - Күн, мен сені сүйемін, - Күн мен сенен өтінемін, - Берші маған алтын күн, бейбітшілік, мейірімділік, - Берші маған алтын күн, денсаулық пен жылылық. - Сау болыңыздар! | |
Просмотров: 809 | Загрузок: 110 | Рейтинг: 0.0/0 |
Внимание! Если Вы опубликовали более трех разработок на портале, то здесь Вы можете подать заявку на получение Свидетельства о публикации! |
Всего комментариев: 0 | |