Главная » Файлы » Начальные классы » Другое |
Звук и буква П
· Скачать | 13.12.2015, 17:53 |
Сабақтың тақырыбы:П дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты: а\Білімділігі:П әріпті дұрыс жазуға ,берілген сөздерді,мәтінді түсініп, дұрыс оқуға,сөздерді үш жақта дұрыс сөйлеуге дағдыландыру.Сөздерге дыбыстық талдау жасауға,сөйлем құрастыруға үйрету. ә\Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа,тиянақтылыққа тәрбиелеу. б\Дамытушылығы:П дыбысына байланысты сөздерді білдіру арқылы оқушылардын ой-өрісін дамытып, зейінін жетілдіру. Сөздік қорларын молайтып , тіл байлықтарын дамыту. Пән аралық байланыс: дүниетану Әдісі:сұрақ-жауап, сөздік. Түрі:аралас Көрнекілігі:Суреттер,жұмбақтар,мақал-мәтелдер, мазмұнды суреттер. Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі.Шаттық шеңбер. Сабаққа назарларын аудару. ІІ.Өткен сабақты еске түсіру -П дыбысы мен әріпін қайталауға арналған жаттығулар. «Кім шапшаң ?» ойыны ІІІ. Жаңа сабақ. Кіріспе әңгіме. 1. «Жануарлар» суретпен жұмыс -суретте не көріп тұрмыз? -Олар не істеп жатыр? -Кімдер нені қызықтап тұр? 2.Құрамында П дыбысы бар сөздердің суретін көрсетіп, сөздерден П дыбысын айырып алу.П дыбысы еріндік,қатаң дауыссыз дыбыс екенін аңғарту. 3.Оқулықпен жұмыс Шарлардағы сөздерді оқыту. «Сауысқан мен Қарға» -автормен таныстырып,оқыту,талдау. Мазмұнын айтқызу. /оқушылар ойларын ортаға салады/ Аңдар туралы өздері білетін өлең-тақпақтар айтқызу.мысалы. Ақ қоян-ау,ақ қоян, Үркек қоян,сақ қоян. Қаша барсең қалыңға «Қорқағым»деп ат қоям. Т.с.с -басқа қандай жануарларды білесіңдер? /әңгімелету/ Қап үш жақта айту: менің қабым,сенің қабың,оның қабы. Доп,сап сөздерін оқушылар өз бетінше үш жақта айтады.П-б назар аударту. 4.Сергіту сәті. 5. Дәптермен жұмыс. П бас әрпін,Пп,Бб жазу Сөздерді жазып,дыбыстық талдау жасау. Сөйлемдерді толықтырып жазу. Көшіру:қап-қабы,сап-сабы,жауап-жауабы,талап-талабы. Пп Тт жазу элементтерін көрсетіп,жазғызу. IV.Сабақты бекіту. «Қай әріпті жоғалтым? » ойыны V.Қорытынды -Бүгінгі сабақта біз не істедік? -П дыбысы қандай дыбыс? VI.Мадақтау. | |
Просмотров: 196 | Загрузок: 66 | Рейтинг: 0.0/0 |
Внимание! Если Вы опубликовали более трех разработок на портале, то здесь Вы можете подать заявку на получение Свидетельства о публикации! |
Всего комментариев: 0 | |