сценарий презентация powepoint урок школа учитель егэ гиа скачать қош келдің жаңа жыл - Разработки занятий - Дошкольное воспитание - Копилка сайта - К УРОКУ.RU

К УРОКУ.RU

Учителям, школьникам, студентам и родителям!
Главная » Файлы » Дошкольное воспитание » Разработки занятий

қош келдің жаңа жыл

· Скачать 14 31.01.2016, 17:50


Жамбыл облысы,Т.Рысқұлов ауданы, «Балауса» балалар бақшасының тәрбиешісі
Қош келдің Жаңа жыл!
Қатысатын кейіпкерлер: Аяз ата,Ақшақар,Қарақшылар
Жүргізуші Кел, жаңа жыл,
Төрле, төрле жеріме,
Құт береке боп келгейсің еліме,
Үміт артып армандарға аяулы.
Шаттығына бөлегейсің бізді де,
Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,
Мына отырған барша жан бәрімізге.
Құрметті: балалар,ата-аналар,ұстаздар,қонақтар.Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің Жаңа жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Жүргізуші: Құрметті ата-аналар,балалар сіздерді жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, жүрекке жылылылқ ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл-ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек,арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы: Торланбаева Надира Ағабекқызына береміз.
Жүргізуші: Ән айтайық,би билейік шырша тойын бастайық
«Аппақ аппақ жапалақтап» әні (балалардың орындауында) «Вальс»биі: Жаңа жылдық тақпақтар (Осы кезде музықа ырғағымен екі қарақшы келеді) 1.Қарақшы: Ой, біз қайда келдік 2.Қарақшы: Шырша безендірулі тұ екен. 1.Қарақшы:Е, жақында Жаңа жыл келеді.Мұнда Аяз ата келеді және Ақшақарымен бірге келеді.Ақшақар сондай әдемі және өзінше бір сыпайы ха-ха-ха (күледі) 2.Қарақшы:Достым,мүмкін біз Аяз атаның сыйлықтарын қолға түсіру керек болып тұр.Ол үшін Ақшақарды ұрлап алып кетіп,орнына сыйлықты сұраймыз.Бір тоя жейміз. 1.Қарақшы: Иә,бірақ қалай ұрлаймыз? 2.Қарақшы:Оп-оңай,міне менде ұйықтататын сок құйып Аяз атаға берейік.Сосын Аяз ата ұйықтайды,ал біз Ақшақарды ұрлап алып кетеміз. 1.Қарақшы:Жарайды жүр, Аяз ата келгенше шыршаның артына барып тығылайық. Жүргізуші: Балалар бізге Аяз атабізді таппай келе жатқан сияқты қане барлығымыз дауыстап шақырайықшы: Аяз ата ,Аяз ата, Аяз ата Аяз ата сөзі:Асулармен алысқан, Асау желмен жарысқан Аталарың сендерге Шаршап келді алыстан. Амансыңдар ма балаларым.ата-аналар мына келе жатқан мешін жылымыз құтты болсын! Барлықтарыңызға табысты жыл болсын,бірлікті жыл болсын демекпін. Ал,енді сендердің өлең тақпақтарыңды тамашалайын. Жаңа жылдық тақпақтар: «Шырша жыры» әні (балалардың орындауында)
Жүргізуші: Би: «Ай,будет круто» Аяз ата:жарайсыңдар балалар, керемет биледіңдер,өлең айттыңдар.Мен терлеп кеттім,шөлдеп кеттім.(столға отырады) Осы кезде қарақшылар келіп аяз атаға амандасып сусын әкеліп береді. Қарақшылар: Аяз ата келіңіз шөлдедіңізбе,сізге сусын берейік шөліңіз басылады. Бұл сусынның аты АРСИКОЛА.(осы кезде аяз ата ұйқым келді деп қалғып кетеді) Қарақшылар: Ех,Аяз атаны ұйықтаттық енді Ақшақардың келгенін күтейік,жүр тағы да тығылып отырайық (осы кезде Ақшақар келеді) Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме балалар! Міне мен де келдім.Жаңа жылдарыңмен балалар! Ата-аналар!Сендер қандай әдемі болып кеткенсіңдер. Мен мына кішкентай гномдар болмаса адасып қалатын едім.Рахмет сендерге кішкентай гномдар.Сендер билей аласыңдар ма? (осы кезде гномдар би билеп береді) Би: «Гномдар» Орындайтындар:Мейірхан,Бекжан,Жалғас,Аңсар,Руслан,Данабек,Әділет Ақшақар: Рахмет балалар! Балалар біздің аяз атамызға не болған,ұйықтап жатыр ғой.(оятады оянбайды) Қарақшылар: Ұйықтап жатыр сенің Аяз атаң.Ал сен бізбен бірге жүресің сені біз сыйлықтарға алмастырамыз. Ақшақар:Олай болмайды менсіз мереке болмайды ғой Қарақшы: Қарайгөр өзін,менсіз болмайды деп.Болады,Ақшақар мен боламын. Қазір мен орманға барып Ақшақар болып киініп келемін.Ал,сен достым ақшақарды алып кетіп қамап таста.
(Осы кезде Аяз ата ұйқыдан оянады)
Аяз ата: Ой балалар маған не болған мен ұйықтап қалыппын ғой.Ақшақар қайда әлі келмеді ме? Ол қызға не болды екен мұндайы жоқ еді. (осы кезде қарақшы ақшақар киімін киіп келеді) Қарақшы: Аяз ата мен міне келдім шашымды тарап,киініп шыққанымша осы уақыт болды. Аяз ата: Балалар ,мынау менің ақшақарым ба? (балалар жауабы) Қарақшы: ия мен сіздің ақшақарыңызбын.міне қолым міне аяғым Аяз ата : онда мен сені қазір тексеремін. Айта қойшы сен не істейсің кешке қарай? Қарақшы: О,мен карта ойнаймын Аяз ата: карта дейсіңбе жоқ менің ақшақарымкешке қарай кітап оқиды Аяз ата: Ал,менің ақшақарым кешке өлең айтып береді ал, сен өлең айта аласың ба? Қарақшы: Әрине, мен өлең айта аламын.Қазір мен осында әнді жақсы айтатын жұлдызбен айтамын (осы кезде қарақшы музыка ырғағымен «Мы бандито өлеңін айтады»)
Жүргізуші: одан да біздің балалар керемет би билеп берсін.
Би: «Коко жамбо» орындайтындар: Айару,Мейірхан,Кәусар
Аяз ата: менің ақшақарымды тауып беріңдер сендер алып кеттіңдерме.Қап қайдан тапсам екен?балалар сендер көрмедіңдер ме?
Қарақшылар: Аяз ата рас біз сенің ақшақарыңды апарып тығып қойдық,сен бізге сыйлықтар берсең қайтарамыз.Қазір біз келгенше сыйлықтарыңды дайындап қойыңыз.(кетіп қалады)
Аяз ата: жарайды бара беріңдер,менің ақшақарымды алып келсеңдер сендерге сыйлық болады.мен сендерді алдаған қандай болады екен көрсетейін
Аяз ата: мен қатты шаршадым
Жүргізуші: аяз ата қазір табылып қалар қобалжымаңыз. Сіз біздің испан елінен келген қыздарымыздың өнерін тамашалаңыз «Испан» биі: орындайтындар: Сымбат,Ақсезім,Кәусар,Асылай,Балжан,Аягөз. Қарақшылар: Аяз ата міне сіздің ақшақарыңызды алып келдік,енді бізге сыйлық беріңіз. Ақшақар: Аяз ата қалайсыз мені қарақшылар ұрлап кетті.мен сіздерді сағынап кеттім.мені құтқарғаныңызға рахмет. Аяз ата: қазір сендерге мен керемет «Жаурап, Қатып қал» деген ойын сыйлық дайындап қойдым.
Қарақшылар екеуіде қатып қалады
Қарақшылар: Аяз ата енді біз ондай жасамаймыз кешіріңіз бізді қатырмаңызшы жаурап кеттік.
Жүргізуші:Аяз ата оларды бір жолы кешіріңіз оларға балалардың өнерін тамашалатайық ал, енді аяз ата мен ақшақар біздің балалардың өнерлерін ары қарай тамашалаңыздар.
1. Ән: ұлдардың орындауында «Ақ боз ат» 2.Ән қыздарың орындауында «Айгөлек» 3. «Қара жорға» биі орындайтын Рысбек 4. Үнді биі: қыздардың орындауында Жүргізуші: Құрметті: аяз ата,ақшақар міне біздің Жаңа жылдық кешімізде аяқталып бара жатқан секілді.біз ертеңгілігіміздің соңында балаларымыз флешмоб билеп бермекші. Флешмоб. Флешмоб. Флешмоб.

Жүргізуші: Жаңа жылым мол болсын
Баскан қадам он болсын
Төрле Төрле Жаңа жыл
Бізге Құтты жыл болсын
Рахмет сіздерге ата-аналар,балалар! Балаларға аяз атаның сыйлығын көп күттік олай болса қазір аяз атамыздың сыйлығын алайық
[size=14][color=purple]

Категория: Разработки занятий | Добавил: aminakaz
Просмотров: 171 | Загрузок: 82 | Рейтинг: 0.0/0
Внимание!
Если Вы опубликовали более трех разработок на портале, то
здесь Вы можете подать заявку на получение
Свидетельства о публикации!

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Меню сайта:




Анализ сайта онлайн Рейтинг@Mail.ru