Главная » Файлы » Дошкольное воспитание » Разработки занятий |
Тақырыбы: « Андар».
· Скачать | 27.01.2015, 15:56 |
Тақырыбы: « Андар». Білім беру саласы : Әлеумет, таным, қатынас, шығармашылық . Ұйымдастырылған оқу іс әрекет: Айналамен танысу , көркем әдебиет, тіл дамыту, ҚМТМ. Мақсаты: 1. Балалардың тілдік қатынас дағдыларын дамыту . 2. Балалардың ой- өрісін дамыту, әрбір баланың өзіндік ерекшелігін ескере отырып, жеке дара жұмыс жүргізу. 3. Бүлдіршіндерді ұғымталдыққа , бірлесіп жұмыс істей білу, мейірімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін дамыту, жануарларға қамқорлық, мейірімділік сезімдерін ояту, қызықты ойындар арқылы балалардың эмоциялық сезімдерін дамыту. Сабақтың түрі: Саяхат сабақ. Сабақтын әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, ойың, әңгімелеу.Жұмбақ шешу. Ұйымдастыру кезеңі: Ұйымдастыру оқу іс-әрекеті ән-ұранмен басталады. Тәрбиеші: Балалар, бүгін ерекше күн. Біздің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізге қатысу үшін қонақтар келіп отыр. Олай болса қонақтармен сәлемдесейік. Үлкенге де - сіз, Кішіге де - сіз Бәріңізді құрметтеп, Бас иеміз біз! (Ата-аналарға қонақтарға иіліп амандасады) Балалар,бүгін бізге қонақ келді. Ол қонақтың кім екенін табу үшін, мен сіздерге сұрақ қоямын. Сол сұраққа жауап берсеңдер, қонақтың, кім екенін білесіңдер. -Жұма сайын біз, яғни аналарымыз ,апаларымыз не пісіріп таратады? - Балалар атасы мен әжесінен қашып келе жатқан қай ертегінің кейіпкері екен? Балалар: бауырсақ. Дұрыс балалар, жарайсындар. - Бауырсақ бізге алыс жолдан келген екен,сен неге ата, әжесінен қашып келе жатырсын? - Бауырсақ: Менің достарым, мен нан түрлерін іздеп келемін. Балалар: Бауырсақ, біз нанның барлық түрін қастерлеп, қадірлейміз. Сен бізбен дос боласыңба бауырсақ? Бауырсақ: Онда менің шартым бар: балалар бір ойын ойнаймыз «Адасқан сандар» деп аталады. Бірақ балалар мен сандарды дұрыс ажырата алмаймын. Сендер маған көмектесесіндер ме? Балалар: (Балалар сандарды тура және кері санап, ретімен орналастырады). Бауырсақ: Балалар менің тағы да бір шартым бар. Ол ойын. Ойының аты «жақсы-жаман» деп аталады. Ойының шарты: Ертегідегі кейіпкердің жақсы-жаман іс-әрекетін бағалап, геометриялық пішіндер арқылы фишкалармен белгілеиміз. «Жақсы іс әрекетте» қызыл текшемен , «Жаман іс- әрекет» көк текшемен белгілеп санап салыстырамыз. Жұмбақтың шешуін білдіретін жануарлардың суреттері тақтаға ілінеді. Жануарлар туралы жұмбақтар. Жұмбақтың Шешуі. Жануар туралы ертегілер. Жануарлардың ертегідегі іс-әрекеттерін салыстыру. Балалар геометриялық пішіндерімен жақсы –жаман іс-әрекеттерінді белгілейді. 1. Өзі аңдардың патшасы Айбарлы түрі бар,Тұла бойында тасыған күші бар. 2 Жалп-жалп сақалы қолыңнан дәм татады. 3 Орманда тұрады, өзі бір қу. Жүрген жері айқай-шу. 4 Мұртын сипап күн бойы,Бетін сусыз жуады. Тырсылды аңдып күн бойы, Тышқанды көп қуады. Арыстан Ешкі Түлкі Мысық «Арыстан мен тышқан». «Жеті лақ пен қасқыр» «түлкі». «Түлкі мен торғай». «Шалқан». Арыстан- ақылды, жақсы. Ешкі-ақылды, лақтарына қасқырға есікті ашпауды ескертеді. Түлкі қулық жасайды. Мысық барлығына көмектеседі. Қызыл текше. Қызыл текше. Көк текше. Қызыл текше Тәрбиеші: Белгіленген текшелерді санап, «жақсы мен жаман» әрекеттерді салыстырып, нәтижесін шығарайық. Қызыл текше – 3, Көк – 1. Қайсысы көп екен? Балалар: Бұл жерде жақсы әрекет көп. - Міне, балалар, жақсылық әрдайым жамандықты жеңеді. Сендер де жақсы әрекеттер жасап, жамандықтан аулақ жүріндер. - Балалар: Бауырсақ бізге алыс жолдан келген екен ата, әжесінен қашып келе жатыр, бізден көмек сұрай келіпті, кәне көмектесеміз бе? - Бәріміз онда сол бауырсақпен еріп орманға барайық. (Сол кезде алдымыздан қоян шығады). - Қоян: - бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін. - Бауырсақ: - жемеші мені. - Қоян: - сендер онда менің тапсырмамды орындандар. - Бауырсақ: жарайды. - Қоян: сендер маған мен туралы өлең айтсаңдар мен сендерді босатамын. Ал енді бойымызды сергітіп, қоян туралы олең айтамыз. «Ұзын құлақ сұр қоян!». Қоян: Рахмет!(балдармен,бауырсақ әрі қарай жүре береді. Бір кезде алдынан қасқыр шығады). - Қасқыр: бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін. - Бауырсақ: - жемеші мені. - Қасқыр : - сендер онда менің тапсырмамды орындаңдар, сендерге қояр сұрағым бар. Егер орындасаңдар мен сендерді босатамын. - Бауырсақ: жарайды. - Біз қай елде тұрамыз? ҚР елбасы кім? Қай ауылда тұрасыз? Бір жылда неше жыл мезгілі бар? Қазір жылдың қай мезгілі? Апта күндерін ата? - Бәрі: тақпақ «Апта деген ағайдын жеті бірдей ұлы бар». Қасқыр: Рахмет! жарайды. !(балдармен, бауырсақ әрі қарай жүре береді. Бір кезде алдынан аю шығады). - Аю: - бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін. - Бауырсақ: - жемеші мені. - Аю: - онда маған мен туралы бір сергіту жаттығуын жасап беріндер. - Аю: Егер орындасандар мен сендерді босатамын. - Бәрі: сергіту сәтті «Ормандағы аюдың!». Аю: Рахмет! жарайды. !(балдармен,бауырсақ әрі қарай жүре береді. Бір кезде алдынан түлкі шығады). - Түлкі: бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін. Бауырсақ: - Бауырсақ: - жемеші мені. - Түлкі: онда мен сендерге жұмбақ жасырамын шешуін тапсандар мен сендерді босатамын. - Тауықтар қашып жасқанған, - Қулығы артық басқа аңнан. (түлкі). - Түлкі: Рахмет! - Бауырсақ: Рахмет балалар! Мен сендерге риза болдым. Сендер өте ақылды, тапқыр екенсіндер. Мен сендермен дос боламын. Мені атам мен әжем іздеп жатқан болар. Мен сендермен қоштасамын. Қош сау болыңдар, балалар! | |
Просмотров: 324 | Загрузок: 97 | Рейтинг: 0.0/0 |
Внимание! Если Вы опубликовали более трех разработок на портале, то здесь Вы можете подать заявку на получение Свидетельства о публикации! |
Всего комментариев: 0 | |