Главная » Файлы » Дошкольное воспитание » Разработки занятий |
Диктант "Айналайын"
· Скачать | 03.12.2014, 19:23 |
5 сынып Тақырыбы: Диктант «Айналайын» Мақсаты: білімділік: Оқушыларға диктант мәтінін мәнерлеп оқытып, сауатты жазғызу; дамытушылық: Оқушылардың ойлау,сөйлеу ,есте сақтау , шығармашылық қабілеттерін дамыту; тәрбиелік: Оқушыларды дұрыс сөйлей білуге, ұқыптылыққа, көркем,сауатты жазуға тәрбиелеу; Әдіс-тәсілдер:мәнерлеп оқу,тексеру Сабақ түрі: жазба жұмысы Сабақ барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі ә) Оқушыларды сабақ процесіне дайындау Айналайын! Бала кезімнен естіген, үйренген, білген сөздерімнің ішінен бір сөз көкейімнен еркше орын алды. Өйткені ол сөзді әжем де, анам да, әкем де мен үшін тілдерімен емес, жүректерімен айтып отыратындай сезілетін. Кейде әжем сол сөзді маған арнап айтқанда, мейірлене кеудесіне қысып, маңдайыма ыстық лебін тигізе иіскейтін. Сондықтан ол сөз маған барлық сөздердің құдіретіндей сезілетін. Ол сөз әжемнің аузынан шыққан сайын масаттанып, наздана түсетінмін, еркелейтінмін. Ол сөз – «Айналайын!» деген сөз еді. Осы сөз әжемнің мейірімді кеудесінен шыққан сайын, мен іштей қайталаймын, есейе келе, өзімнен кішілерге мен де «Айналайын!» дейтін болдым. Айналайын! «Жақсы сөз – жан азығы» деген халық пікірінің сырын осылайша түсіндім. Міне, менің әрқашан да «Айналайын» деп соғатын жүрегімнің сыры да осында. 1.Мәтінді толық оқу 2. Оқушыларға өз жазғанын тексерту 3.Дәптерлерін жинап алу б) Үйге тапсырма Өтілген ережелерді қайталау | |
Просмотров: 437 | Загрузок: 80 | Рейтинг: 0.0/0 |
Внимание! Если Вы опубликовали более трех разработок на портале, то здесь Вы можете подать заявку на получение Свидетельства о публикации! |
Всего комментариев: 0 | |