Главная » Файлы » Дошкольное воспитание » Разработки занятий |
диктант
· Скачать | 29.11.2014, 19:29 |
Күні _______________ Тақырыбы: Диктант «Күздің құрметі» Мақсаты: білімділік: Оқушыларға диктант мәтінін мәнерлеп оқытып, сауатты жазғызу; дамытушылық: Оқушылардың ойлау,сөйлеу ,есте сақтау , шығармашылық қабілеттерін дамыту; тәрбиелік: Оқушыларды дұрыс сөйлей білуге, ұқыптылыққа, көркем,сауатты жазуға тәрбиелеу; Әдіс-тәсілдер:мәнерлеп оқу,тексеру Сабақ түрі: жазба жұмысы Сабақ барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі ә) Оқушыларды сабақ процесіне дайындау Диктант Күздің құрметі. Күз дегеніміз – біріншіден, байлық, молшылық, қапқап астық, картоп, жүгері, күнбағыс, қарбыз, қауын, алма ,өрік, жүзім. Осының бәрі күзде әбден пісіп жетіледі. Әне, қараңдаршы! Дала да, егін де, тоғай да бәрі де сап-сары. Соңдықтан да халық күзді «алтын күз» дейді. Екіншіден, күз – ет пен май. Мал да,аң да, құс та күзге дейін әбден семіріп болады. Үшіншіден, күз – қауырт жұмыс кезі. Қысқа дайындалатын кез. Күздің бір күні қыстың бір айын асырайды. Күзде аянбай еңбек етсең, қыста қысылмайсың. Қысқа адам да, аң да,барлық жан-жануарлар да дайындылады. Күзде жыл құстары жылы жақ қа қайтады. Күзде күн қысқарып, түн ұзарады, жауын-шашын көбейеді. Міне, соңдықтан да күздің әрбір осындай ашық күнін толық пайдаланып, мол өнімде тез жиып алу керек. 118 сөз. 1.Мәтінді толық оқу 2. Оқушыларға өз жазғанын тексерту 3.Тапсырма: Диктант мәтінінде кездесетін сын есімдердің астын сызыңдар. 4.Дәптерлерін жинап алу б) Үйге тапсырма Өтілген ережелерді қайталау ОТЖ: | |
Просмотров: 334 | Загрузок: 73 | Рейтинг: 0.0/0 |
Внимание! Если Вы опубликовали более трех разработок на портале, то здесь Вы можете подать заявку на получение Свидетельства о публикации! |
Всего комментариев: 0 | |