Главная » Файлы » Дошкольное воспитание » Разработки занятий |
сан есім
· Скачать | 29.11.2014, 19:26 |
Сабақтың тақырыбы: Сан есім туралы түсінік. Дара және күрделі сан есімдер Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Сан есім туралы түсінік беру, дара және күрделі сан есімдерді ажырата білуге үйрету; сөйлем мәнерлеріне жете көңіл бөлу; ә) Дамытушылық: Ойлау белсенділігі мен танымдық қызығушылығын дамыту, ой қорытып нақты шешім жасата білу, шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасау; б) Тәрбиелігі: Өмір құбылыстарын танып білуге, ұлттық өнегені бойына сіңіріп, туған халқының өнерін сүйіп өсуге баулу, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: жаңа материалды түсіндіру Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, ізденіс, талдау, ой қозғау Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация Пәнаралық байланыс: әдебиет Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі 1. Оқушылармен амандасу 2. Сабаққа даярлығын қадағалау ІІ. Үй тапсырмасын сұрау «Ой қозғау стратегиясы» 1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? 2. Зат есім дегеніміз не? Сұрақтары? 3. Сын есім дегеніміз не? 4. Сын есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді? ІІІ. Жаңа сабақ Сөз таптары – Зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, еліктеуіш сөздер, одағай, үстеу, шылау. Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіріп, қанша? Неше? Нешеу? Нешінші? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табын сан есім дейміз. Сан есім құрамына қарай дара және күрделі, тұлғасына қарай негізгі және туынды болып бөлінеді. Түбір сан есімнен құралған негізгі және жұрнақ арқылы туынды сан есім болады. Екі не одан да көп түбірдің тіркесуінен немесе қосарлануынан жасалған сан есім. Сан есім мағынасына қарай алты түрге бөлінеді. Есептік, реттік, жинақтық, болжалдық, топтау, бөлшектік. ІV. Оқулықпен жұмыс: 156 – жаттығу. Мәтіннен сан есімдерді тауып, оларды тіркеске сөздерімен бірге цифрмен жазамыз. І. Перфокартамен жұмыс: Сөздер Құрамы Дара Күрделі Негізгі Туынды Мың Екі –үштен Жүз Сексен сегіз Миллион Бір мың Алтау Жүз мың Сегізінші Он –оннан ІІ. Шығармашылық деңгей: «Аяқталмаған ой» Туған жер.................. Сан есімдерді қатыстыра отырып, ой толғау жазу. ІІІ. Өзіндік жұмыс Көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойып, мақалды толықтыр. 1. Ер жігіттің......... сөйлегені өлгені 2. .......... атасын білген ер .......... жұрттың қамын жер 3. ......... атысын білмеген жетесіз. V. Қорытынды: 1. Піл к3-ті Піл к3-ті емес Тіл к3-ті 2. 6-н балдақ қол сәні, Әшекеі т10 сәні 3. 4-еу түгел болса, төбедегі келер, 6-ау ала болса, ауыздағы келер. VІ. Үйге тапсырма Ереже жаттау 160 – жаттығу. Сандарды сөзбен жазып, оларды дара және күрделі түріне қарай ажырату. Бағалау. Сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағаладым. | |
Просмотров: 286 | Загрузок: 67 | Рейтинг: 0.0/0 |
Внимание! Если Вы опубликовали более трех разработок на портале, то здесь Вы можете подать заявку на получение Свидетельства о публикации! |
Всего комментариев: 0 | |