сценарий презентация powepoint урок школа учитель егэ гиа скачать Бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі - Планирования - Дошкольное воспитание - Копилка сайта - К УРОКУ.RU

К УРОКУ.RU

Учителям, школьникам, студентам и родителям!
Главная » Файлы » Дошкольное воспитание » Планирования

Бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі

· Скачать 11.02.2015, 10:03


Әрбір ата-ана өз перзетінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының зандылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сенімді және негізді.
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – тұған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі, тілі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» — дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн.
Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да:
«Ана – үйдің берекесі,
Бала үйдің – мерекесі.
Бұтағымен ағаш сымбатты,
Ұрпағымен адам қымбатты.
Бала болсаң балғындай бол.
Айналаңа қорғандай бол» -деген
қағиданы берік ұстаған ата-бабаларымыз өз ұрпағын адам – деген атаққа лайық етіп өсіруді мақсат еткен.
Ата-ана тәрбие беруде ата-бабамыздың салт-санасы, әдет-ғұрпында жүргізілген үлгі-өнегесінің мәнісі зор. Отбасы тәрбиесінде әкенің де, ананың да орны бөлек. Әке мен ана баланың алғашқы ұстазы. Адамзат баласы ананың мейірлі мейріне қанып, әке өсиеттерін тыңдап өссе ғана тәрбиелі отбасынан шыққаны көпке таңытыды.
Ана – бала тәрбиесіндегі ерекше тұлға. Дана Абай бабамыз қазақ әйелінің, ананың отбасындағы орнын ерекше жырлайды. Жалпы, «адам
бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтімен жаралған» — деген ғұламалық ойды тарата келе, осы қасиеттің міндетті түрде тәрбиеленуі туралы айтады.
Тәрбиенің негізі «ананың әлдиінен» басталады емес пе?
Ана тәрбиесі ұлылық дәнін себеді. Тәрбиелі анадан – тәрбиелі бала өсіп шығады.
Сонғы жылдары отбасында, қоғамда ер адамдардың, әкелердің рөлі төмендегендей. Бұған кейде заманды да кінәләп жатамыз. Әрине, бала тәрбиесіндегі әкенің орны бөлек, әсірессе, ер бала тәрбиесінде. Әкенің қатаң талабын, тәрбиесін көрген бала ертең қоғамда да өз отбасында да шешуші тұлға бола алады. Кавказ халықтарында да: «Нағыз жаылы орын: қылышқа – қынабы , отқа – шырағы, ер жігітке – өз үйі» — деген тамаша нақыл сөз бар.
Қазақстан Республикасы Ата Занының 27 бап, 2-тармағында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиги құқығы, әрі парызы» -делінсе, «Қазақстан – 2030» бағдарламасында: «Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелеріне сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді…» деліні, ұрпақ тағдыры айтылады.

Категория: Планирования | Добавил: aiym_d
Просмотров: 464 | Загрузок: 78 | Рейтинг: 0.0/0
Внимание!
Если Вы опубликовали более трех разработок на портале, то
здесь Вы можете подать заявку на получение
Свидетельства о публикации!

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Меню сайта:




Анализ сайта онлайн Рейтинг@Mail.ru